Жолдау және жыл құстары

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының алғашқы Жолдауы шаққанда мен тоғызыншы сынып оқушысы болатынмын. «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деп басталған Жолдаудың кейбір тұстары әлі есімде.   90-жылдардың аумалы-төкпелі оқиғаларына бейімделуге тырысқандықтан ба, болашақ туралы ойлай бермейді екенбіз.  Мұғалімдеріміз бізден Жолдау мен «Қазақстан-2030» бағдарламасын жаттауды талап ететін. Қиналушы едік. Содан бері  13 жыл өткен  соң ойласам, өткенге көз жүгіртіп, болашақ туралы ойлануды сол тұстан бастаппыз ғой.

Назар аударыңызшы, шынымен 13 жыл 13 күндей зыр етіп, өте шығыпты. Келер күннің жақындығын осыдан көруге болады. Біздің замандастарымыз қара  былғары куртканы сәнді санаған 90-жылдар тым алысқа кетіп үлгеріпті. Тек жыл өткен сайын Елбасы Жолдауы мен жыл құстары қайта оралғанда, тағы бір көктемді қарсы алып, даму жолымызды  енді бастаған қысылтаяң 90-шы жылдардан, біз аңсаған жарқын болашаққа тағы бір қадам жақындай түседі екенбіз.

Сол жылдары 2030-жылы Қазақстанның қандай болатыны туралы шығарма жазушы едік. Әр оқушының алдында компьютер, күн шуағына бөленген жаңа мектеп біздің дәптеріміздің бетіне жиі түсетін сөздер болатын. Қараңызшы! Күні бүгін сол армандар орындалып келеді емес пе? Сол кездері біздің замандастырымыз  аңсаған нәрсенің бірі — әрбір отбасының әл-ауқатының артуы болатын.  Елбасының әрбір Жолдауымен бірге менің әрбір замандасымның жүрегінің түкпірінен орын алған армандары орындалуда. Қазіргі кезде әрбір қазақстандық үшін ойлаған нәрсесіне қол жеткізу ертегі емес, шынайы өмірге айналды. Адамнан тек ерінбей еңбек ету ғана талап етіледі.

Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында өзі айтқандай: «1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдап, біз елдің  ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдылықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамытылды. Сөйтіп, біз қалай жоспарласақғ солай өмір сүрдік.

2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарлағаннан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының  орташа мөлшері 3 есеге өсті».

Тоқсанның тоқырауынан өткеннен кейін,   жаңа  ғасыр Қазақстанға өрлеу мен дәуірлеу кезеңін әкелді. Жұрт қол-аяғын жинап, күнделікті қажеттіліктердің орнын толтырып, әл-ауқатын көтерген кез туды. Халық енді күнделікті тұтынуға қажетті заттарды былай қойып, байлықты көздеді. Біздің замандастарымыз бұл кезде білім алып, жұмысқа тұрып, жеке өмірлерін ұйымдастыра  бастады. Жаппай несие алып, баспаналы болып, көлік мінді. Үйдің ішін қажетті-қажетсіз заттарға толтырып, көңіл көтеруге қаражат бөле бастады. Ертеңге деген сенімділік көкейде нығая түсіп, болашаққа нық қадам бастық. Бірақ осы кезде дағдарыс келіп, шалқып-таса бастаған жұртты бір тоқтатты. Бірақ Елбасының  жыл сайынғы Жолдауында қарастырылған жоспарларды кезең-кезекңмен орындай отырып, дағдарыстан да шықтық. Тіпті, дағдарыстың қазақстандықтарға аса әсер ете қоймағаны да анық.   Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің соңғы Жолдауынің екінші бөлімінде былай дейді: «Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы  экономиканың өсу қарқынына әсер етті,  бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында  бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті».

Бір кездері біздің замандастар арман қылып жазған әсем мектептер салынып, компьютер  әркімге қолжетімді бола бастады. Бұл заман тіпті біздің ойлағанымыздан асып түспесе, кем емес.

Біз «Қазақстан – 2030» Стратегиясының алғашқы онжылдығын сәтті тәмамдап, келер онжылдыққа қадам бастық. Бұл туралы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында  жазылған. Яғни алдымызға жаңа мақсаттар қойылды. Біздің халық бірауыздан мойындап отырған көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша,  енді экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеп, тұрақты дамуға қол жеткізуіміз,  адам капиталын болашаққа инвестициялауымыз керек. Оған қоса, халықты сапалы әлеуметтік және ТҮК қызметтермен қамтамасыз етіп, ұлттық қауіпсіздікті арттыруымыз керек. Біз оған дайынбыз!

Дәл осы уақытта біздің замандастырымыз  өзін елдің басты байлығы сезініп отыр. Себебі, Қазақстанда Елбасының саналы саясатының арқасында жасалып жатқан әрбір игілікті бастама АЗАМАТ үшін жасалуда. Біздің замандастарымызға зор үміт артылып, елдің басты байлығы екені мойындалды. Ендігі арады тұрақты экономикалық дамудың жетістіктері, әлеуметтік, инновациялық  жетістіктері біздің замандастарымыз бен олардың ұрпағына бағытталуда.

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында Елбасы айтқандай, «Адам – елдің басты байлығы. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты».

Осы бағыттан айнымасақ, 2020 жылға барлық елді мекендердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, жоғары білім халықаралық талаптарға сай келетін болады. Бізге керек де осы емес пе? Бұл біздің замандастардың көкейдегі ойы, әңгіме үстінде айтатын сөзі және болашағы туралы армандағанда көзіне елестететін картинасы емес пе?

Халық денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Дәрілердің жарты пайызы өз елімізде шығарылып, қолжетімді болады, денсаулық сақтау саласында заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады. Мұның бәрі біз күні бүгін басты қажеттіліктің бірі ретінде белгілеп отырған басымдылық емес пе?

Әлеуметтік қорғау және өмір сапасын арттыру мәселелері Жолдауда былай жазылған: «Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту».  Сонымен қатар, бүгінгі таңда бәздің замандастар үшін алдыңғы қатарлы мәселенің бірі болып тұрған тұрғын-үй коммуналдық сектор саласындағы саясат қолға алынып, қазақстандықтар баспанамен қамтылады.

Жолдауда баса назар аударылған аса маңызды мәселенің бірі – ішкі саяси тұрақтылық. Әл-ауқатымызды көтеріп,  ертеңгі күнге сенім пайда бола бастаған кезде, ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударатын кез келгені анық. Заңдарымыз ізгіленіп, сапасы артса, құқық қорғау саласында реформалау жүргізілсе, ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылса, бұл біздің тұрақты дамуымыздың кепілі болары сөзсіз.

Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары  еліміздің алдына қойылған талап-тілектерді кезең-кезеңімен орындауға бағытталған. Сол себепті, осы айтылғандардың да бәрі өз орнымен жүзеге асырылатынына сеніміміз кәміл. Ол сенімді бір мүшелі жас уақытында қол жеткізген жетістіктеріміз бекіте алмақ.

Елбасы  халқына Жолдауында елдің ішкі саясатымен қатар, халықаралық беделін арттыру мәселелеріне де көңіл бөлген екен.  Әрине, осы саладағы табыстарымыз биылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімізден де көрініс табуда. Шынтуайтқа келгенде, түйсігі бар әрбір қазақстандық бұл жайтты мақтан тұтуы қажет. Себебі, мұндай дәреже мен бедел әркімге беріле бермейді. Көршілес елдерімізде бір елдің азаматтары бірін-бірі түсінбей жатқанда, ішкі тұтастығымызды сақтап қана қоймай, сыртқы мемлекеттер алдында беделімізді бір көтеріп тастаған ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміз әрбір біздің замандастарымызға абырой әперіп отыр.

Иә, біздің замандастырымыз бүгінгі Қазақстанда,  мақтан тұтуға лайық, болашағы бар және саналы басшысы бар елде өмір сүруде. Әрине, замандастарымыздың арасында бір қарын майды шірітіп-ақ тастайтын құмалақтар да жоқ емес. Елімізде әлі іске асырылып үлгермеген істерді айтып, кемшіліктерді бетке басатын ағайын  да бар. Бірақ олар сол кемшіліктерді жоятын өздері екенін ойлай бермейді-ау деймін.  Бірақ, өз басым ондайларды сирек көремін. Көпшілік жұрт жыл сайын Жолдауда көрсетілген жолмен  жүріп келеді.

Сөзімнің соңында біздің замандастарымыз үшін аса маңызды  оқиғалардың  екеуін айтайын. Оның бірі –  көктем сайын жаңа жыл әкелетін жыл құстары болса, екіншісі – жаңа өмір парағын ашып беретін Жолдау. Екеуі біздің ертеңгі өмірімізге сенім ұялатады.  Бұл үшін еңбек етіп, күресуге тұрады деп ойлаймын.

Аяужан Тұрсынбекқызы

IV дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2010 жылы 25-27 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Абайдың шығармашылық мұрасы полиэтникалық қазақстандық мемлекеттің қалыптасу контекстінде» IV дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

 

Конференцияда талқылауға ұсынылатын сұрақтар тізімі:

  • Абайдың философиялық және әдеби мұраларының біріктіруші күші
  • Мемлекеттік тіл – ұлттар мен мемлекеттің мызғымастығының қажетті құралы
  • Абай мұралары және Қазақстандағы қазіргі демократиялық үрдістер
  • Алаш қозғалысы – Абайдың ұлт-азаттық ойларын іс жүзіне асыруға талпыныс

Конференция жұмысына Қазақстанның, Ресейдің, Моңғолияның философия, тарих, саясаттану, әлеуметтану, филология салаларының ғалымдары және мамандары қатысады. Конференция бағдарламасында: пленарлық баяндамалар, секциялардағы баяндаулар бар. Конференция барысында Е.И. Григорьевтың «Абай және Алаш қозғалысы» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағын басып шығару жоспарлануда.

Форум неправительственных организаций Восточно-Казахстанской области

22 ноября 2010 года в г.Усть-Каменогорск  состоялся форум неправительственных  организаций Восточно-Казахстанской области. Форум прошедший в здании областного акимата собрал представителей НПО и государственных органов. В первой части форума, на общественных слушаниях была заслушана информация о взаимодействии государственных органов с неправительственными организациями.

Начальник управления внутренней политики Омар Ж.М. выступил с докладом о «Реализации Концепции развития гражданского общества на 2006-2011 годы в Восточно-Казахстанской области», отметил положительные сдвиги и упущения имевшие место во взаимодействии государственных структур с НПО. Выступившие представители управлений координации и социальных программ, здравоохранения, природных ресурсов и регулирования природопользования рассказали о том, как реализуется данная концепция в конкретных сферах. Председатель Гражданского Альянса Восточно-Казахстанской области Чернышов О.В критически отозвался о деятельности некоторых НПО, в части их сотрудничества с международными неправительственными организациями и получения от них донорской помощи. И это как оказалось была не единственная проблема. На сегодняшний день существует проблема несоответствия предоставляемой информации о действующих НПО, с реальным положением дел. Другими словами, когда на различных заседаниях звучит информация об энном количестве неправительственных организаций действующих по области, это вовсе не значит, что именно столько НПО работает на самом деле. Как показывает практика, в лучшем случае количество таких НПО не превышает и половины от общего числа зарегистрированных. В этой связи председатель Гражданского Альянса высказался о необходимости создания Карты действующих неправительственных организаций, чтобы в последующем государственные органы  могли знать, какие именно НПО действуют по области в сфере их деятельности, для дальнейшего сотрудничества. В завершение первой части состоялось вручение грамот самым активным членам НПО.

На пленарном заседании выступили представители неправительственных организаций. Одна из выступающих,  руководитель ОО «Алтын-ай» Мирвазетдинова М.М. выразила пожелание, чтобы для лиц с психоневрологическими патологиями  были созданы специальные рабочие места. Также в качестве рекомендации были предложены обращение внимания государства на равенство условий среди НПО, создание лота по просвещению государственных служащих о состоянии окружающей среды и другие. Участники заседания отметили необходимость взаимодействия НПО. Мнения участников форума относительно роли государства в развитии гражданского общества разделились. Если одни считали что, НПО должны быть равноправным партнером государства в решении самых разнообразных проблем, то другие наоборот подчеркивали что, им для дальнейшего развития необходима как финансовая, так и материальная помощь госструктур.

Итоговый документ форума не принят, так как предложения для внесения в Рекомендации поступили только от одной организации – Гражданского Альянса ВКО. В связи с этим, НПО было предложено  до конца года предоставить свои рекомендации в Институт анализа  и прогнозирования ВКО и Гражданский Альянс ВКО, которые проанализируют и сформируют Рекомендации и направят их в соответствующие органы.